ANTIKOR • 09 Шілде, 2021

Жемқорлықтың үштен бірін пара берушілер құрайды – М.Ахметжанов

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы М.Ахметжанов ведомствоның бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz

Жемқорлықтың үштен бірін пара берушілер құрайды – М.Ахметжанов

Ведомство басшысы барлық сыбайлас жемқорлық қылмысының үштен бірін пара берушілер құрайтынын айтып, олардың саны төмендемей отырғанына алаңдаушылық білдірді. Агенттік Төрағасының пікірінше, халыққа пара беріп, өз мәселесін тез әрі жеңіл шешкен ыңғайлы. Адамдар заңсыз артықшылық немесе пайда алу, бюрократиялық кедергілерді айналып өту үшін пара беруге мәжбүр.

Агенттік төрағасының пікірінше, бұл мәселе ішінара азаматтардың менталитетіне байланысты. Кейбір адамдар үшін мәселені парамен шешу өмір сүру нормасына айналған.

«Өкінішке орай, «қол ақысын беру», «сый-сияпат беру» секілді жағымсыз әдеттер халықтың бойына сіңіп кеткен. Яғни, адамдар шенеуніктердің пара алуына саналы түрде барады», деді ол.

М.Ахметжановтың айтуынша, пара беруші адамдар да қылмысқа қатысушы болатынын және тиісті жауапкершілікке тартылатынын түсінуі тиіс.

«Цифрландыру, құқықтық құралдар мен бюрократиялық кедергілерді жою, жұмысты ашық және айқын ету – жемқорлықты жоюға ықпал етеді. Сонда ғана халық Агенттікке жүгініп, көмек сұрайды», деп қорытындылады ол.